
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдеріндегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты қызметінде ерекше орын алады. Отбасылық қатынастарға, алименттік міндеттемелерге, бала асырап алуға, баланың ұлтын айқындау мәселелеріне және өзге де салаларға қатысты істерді қарау барысында Конституциялық Сот әрдайым баланың мүддесін барынша қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық қағидатқа сүйенеді.
Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытынды шешімдерінде қалыптастырылған құқықтық ұстанымдар заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіруге, құқықтық айқынсыздықты жоюға және балалар құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға ықпал етеді. Қаралатын құқықтық қатынастардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды ортақ бір тәсіл біріктіреді: балалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелерді реттеу кезінде баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мен оның мүдделерін қорғауға басым мән берілуге тиіс.