Мұны екі оңай жолмен тексеруге болады:
1. Өзіңіз:
Тіркелген мекенжайыңызды
eGov.kz порталындағы Жеке кабинет арқылы немесе eGov mobile қосымшасынан тексере аласыз.
2. Үшінші тұлғаларға арналған сервис арқылы.
Үшінші тұлғаларға арналған анықтамалар алу сервисін пайдаланыңыз. Толық нұсқаулық карусельде

Маңызды:
14 жасқа дейінгі балалар ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тұрғылықты мекенжайы бойынша автоматты түрде тіркеледі.

Еске саламыз:
2019 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамалары жойылған. Мемлекеттік органдар, дипломатиялық өкілдіктер, жұмыс берушілер және басқа ұйымдар оларды талап етуге құқылы емес.Егер мекенжай бойынша деректер қажет болса, Үшінші тұлғаларға арналған анықтамалар алу сервисін пайдалануға болады.