«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ресми айыппұлдар немесе өзге де мемлекеттік қызметтер бойынша хабарламаларда бөгде сілтемелерге өту және төлем деректерін енгізу талап етілмейтінін ескертеді.
Әкімшілік айыппұлдарды тексеру және төлеу тек ресми мемлекеттік сервистер арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының электрондық үкімет инфрақұрылымы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді және пайдаланушылардың деректерін қорғауды қамтамасыз етеді. Деректердің жария болуы тек оларды пайдаланушының өзі бөгде ресурстарда енгізген жағдайда ғана мүмкін.
Қосымша хабарлаймыз, мемлекеттік ақпараттық ресурстар тек ресми домендерде ғана жұмыс істейді. Атап айтқанда, электрондық үкімет порталы
egov.kz мекенжайы бойынша қолжетімді. Кез келген деректерді енгізер алдында браузердегі сайттың мекенжайын мұқият тексеру қажет, өйткені алаяқтар ұқсас домен атауларын пайдалануы мүмкін.