
2026 жылдың басында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін онлайн таңдау қызметі іске қосылып, автокөлік иелері арасында кең сұранысқа ие болды.
Енді меншік иесі өзгермеген жағдайда техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ауыстыру мемлекеттік қызметі де онлайн форматта қолжетімді. Өтінім берілген кезде жүйе көлік құралын айыппұлдар мен ауыртпалықтардың бар-жоғына автоматты түрде тексереді. Қызмет бір сағат ішінде көрсетіледі.
Көлік құралына қатысты шектеулер болған жағдайда, оның ішінде кепілдетұрған немесе өзге де кедергі келтіретін мән-жайлар анықталса, онлайн ресімдеумүмкін болмайды. Мұндай жағдайда тіркеу әрекеттері мамандандырылған ХҚКО-ға жеке жүгіну арқылы жүзеге асырылады.