eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөліктерді тіркеуге қатысты бірқатар мемлекеттікқызметтер онлайн форматта қолжетімді

eGov.kz электронды үкімет порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында автокөліктерді тіркеуге қатысты бірқатар мемлекеттікқызметтер онлайн форматта қолжетімді
 

📌 Қазақстанда өндірілген, ресми дилерлерден сатып алынған автокөліктерді бастапқы тіркеу.
✔️ Қызметті алу үшін сатып алушы автосалонда автокөлікті таңдап, сатып алу-сату шартын рәсімдейді. Одан кейінгі тіркеу рәсімі қашықтан, автосалонға қайта баруды талап етпей жүзеге асырылады. Дилер өтінім жолдағаннан кейін сатып алушы eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне хабарлама алады немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы push-хабарлама түседі. Пайдаланушы деректердің дұрыстығын тексеріп, ұсынылған нұсқалар арасынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін таңдайды және өтінімді қолданыстағы тәсілдердің бірімен растайды. Осылайша тіркеудің негізгі кезеңдері онлайн форматта орындалады.

 

📌 Техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ауыстыру.
✔️ Енді меншік иесі өзгермеген жағдайда техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ауыстыру мемлекеттік қызметі де онлайн форматта қолжетімді. Өтінім берілген кезде жүйе көлік құралын айыппұлдар мен ауыртпалықтардың бар-жоғына автоматты түрде тексереді. Қызмет бір сағат ішінде көрсетіледі.

 

📌 Азаматтар арасындағы автокөлікті сатып алу-сату
✔️ Сондай-ақ eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында жеке тұлғалар арасында көлік құралын сатып алу-сату шартын электрондық форматта рәсімдеу мүмкіндігі іске асырылды. Бұған дейін бұл мүмкіндік жекелеген банктердің сервистері аясында, нақтықаржы ұйымдарының клиенттері үшін ғана қолжетімді болатын. Енді сервис мемлекеттік қызметтер деңгейінде интеграцияланып, мәмілені ресімдеудің бірыңғай цифрлық процесін қамтамасыз етеді.