Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу - eGov mobile және eGov.kz-тағы танымал қызметтердің бірі

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу - eGov mobile және eGov.kz-тағы танымал қызметтердің бірі

 Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама виза алу, тұру ықтияратын алу және жұмысқа тұру кезінде сұралатын анықтама түріне жатады. Анықтаманы eGov.kz порталынан немесе eGov mobile қосымшасынан алуға болады.

 

 Соттылықтың болмауы жайында анықтаманы eGov.kz порталы арқылы қалай алуға болады?
• Порталда авторизациядан өтіп, "Азаматтарға/Бизнеске" бөлімінде "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу" бөліміне өтіңіз
• "Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу" бөлімінде "Соттылықтың болмауы туралы анықтама" қызметін таңдаңыз
• Қажетті жолдарды толтырып, қызметке қол қойыңыз
• Өтінім нәтижесі Жеке кабинетте көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.

 

 eGov Mobile арқылы өтінім беру нұсқаулығымен сіз пост каруселінде таныса аласыз.

 

❗️ МАҢЫЗДЫ: «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін әрбір құжат үшін мемлекеттік баж салығы алынады. Мемлекеттік баж сәтті төленгеннен кейін мемлекеттік қызметті алу жөніндегі өтінімге қол қою қажет. Төлем жасалғаннан кейін қол қойылмаған өтінімдер қарауға қабылданбайды.