Абайлаңыз: алаяқтар!

Абайлаңыз: алаяқтар!

Соңғы уақытта eGov.kz атынан жалған хаттар, хабарламалар және телефон қоңырауларын тарататын алаяқтардың әрекеті жиілеп кетті. Алаяқтар қолданушыларды бөгде сервистер мен сайттарға, сондай-ақ Telegram және WhatsApp мессенджерлеріндегі чаттарға өтуді сұрайды, бұл әрекеттерге жол бермеу қажет.

 

Маңызды! eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы пайдаланушыларды бөгде сайттарға немесе мессенджерлердегі чаттарға өтуге шақыратын хабарламалар жібермейді. Мемлекеттік қызметтердің мәртебесі туралы хабарламалар бұл функцияны алдын ала іске қосқан қолданушыларға ғана жолданады. Аталған функцияны eGov.kz порталындағы жеке кабинетте немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қосуға болады. Назар аударыңыз, ресми хаттар тек info@egov.kz электрондық поштадан жіберіледі.

 

eGov.kz порталында хабарламаларды қалай қосуға/өшіруге болады:
•⁠ ⁠Порталдың басты бетіне өтіп, «Хабарламалар» бөлімін ашыңыз.
•⁠ ⁠«Баптаулар» тармағын таңдаңыз.
•⁠ ⁠Хабарламаларды алу тәсілін көрсетіп, ақпарат алғыңыз келетін қызметтер мен жобаларды таңдаңыз.

 

eGov Mobile қосымшасында хабарламаларды қалай қосуға/өшіруге болады:
•⁠ ⁠Қосымшада «Профиль» бөлімін ашыңыз.
•⁠ ⁠«Қосымша баптауларына» өтіңіз.
•⁠ ⁠«Хабарламалар» бөлімінде хабарлама алу тәсілін көрсетіп, ақпарат алғыңыз келетін қызметтер мен жобаларды таңдаңыз.

 

Сақ болыңыз! Тек ресми дереккөздерге ғана сеніңіз.