Қазақстандықтар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады

Қазақстандықтар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы рәсімдей алады

Өтемақы жеке оқу жоспарына және баланың үйде оқытылатынын растайтын білім беру ұйымының анықтамасына негізделіп төленеді. Төлем оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге бағытталған.

 

Қызметке онлайн өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталында да, сондай-ақ офлайн түрде халыққа қызмет көрсету орталығында да беруге болады.

 

Қызметті Gov.kz порталында да алуға болады, ол үшін:
- Авторизациядан өтіңіз;
- «Азаматтарға» - «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз;
- «Мүгедек адамдарды қолдау» бөлімінде «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметіне өтінім беріңіз;
- Анықтаманы кімге алып жатқаныңызды көрсетіңіз;
- Қажетті жолдарды толтырыңыз;
- Өтінімге қол қойыңыз;
- Қызмет нәтижесімен «Жеке кабинетте» танысыңыз