e-Gov авторизациялау тәртібі жаңартылды

e-Gov авторизациялау тәртібі жаңартылды

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пайдаланушыларды қорғау мақсатында осы жылдың қазан айынан бастап eGov.kz электрондық үкімет порталы мен оның құрамдас бөліктерінде (eOtinish сервисі, «Ашық үкімет» порталы) авторизациялау тәртібі жаңартылды.

 

Енді электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы бірінші кезеңде жүйеге кіргеннен кейін пайдаланушы өзінің жеке басын 1414 нөмірінен келетін SMS-код арқылы қосымша растауы қажет.

 

Екінші кезең авторизациясы ЭЦҚ кілтін жоғалту немесе үшінші тұлғалардың пайдаланушы кілтін пайдаланып eGov.kz порталында заңсыз қол жеткізу әрекеттерінен азаматтарды қорғайды. Мұны іске асыру үшін пайдаланушының жеке басын порталда тіркелген мобильді телефон нөмірі арқылы растау қажет.