eGov Mobile жаңа нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды

eGov Mobile жаңа нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды

eGov Mobile жаңа нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды

 

eGov Mobile мобильді қосымшасы соңғы жылдардағы ең ауқымды жаңартудан өтті: интерфейсі қайта жасалды, навигациясы жетілдірілді, интеллектуалды іздеу мен цифрлық құжаттарға жедел қол жеткізу мүмкіндігі қосылды. Жаңарту өсіп келе жатқан сұранысқа жауап ретінде іске асырылды – бес жыл ішінде eGov Mobile қолданушыларының саны алты есеге өсіп, 11 миллионнан асты.

 

Негізгі жаңалықтар:
Интеллектуалды іздеу және виртуалды көмекші – сұраныс енгізген сәтте қызметтер мен өмірлік жағдайлар көрсетіледі. eGov AI чат-форматта кеңес беріп, қажетті бөлімге бағыттайды.
Қауіпсіздік күшейтілді – жеке деректерді қорғау және сыртқы қауіптерге төзімділік күшейтілді.
Ыңғайлы навигация – басты бетте танымал сервистер, eGov логотипі арқылы қызметтер каталогына тікелей өту, ТОП-қызметтер және ұсыныстар көрсетіледі.

 

Тағыда басқа өзгертулер жайлы толығырақ видеодан көре аласыздар.

 

Жаңартулар қолданушыларға мемлекеттік қызметтерді жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз алуға мүмкіндік береді.