Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, біз өз ісін шын жүректен сүйетін, күн сайын саланың дамуына үлес қосып жүрген жанмен таныстыруға қуаныштымыз - Соловьёва Любовь Александровна, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай бөлімшесі, Жітіқара станциясының қызметкері.
Любовь Александровна еңбек жолын 1997 жылы бастаған, ал 2020 жылдан бері жүк және багаж қабылдап-тапсырушы болып жұмыс істейді - бұл үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықты талап ететін маңызды мамандық.
Көп жылғы адал еңбегінің нәтижесінде ол өз ісіне тиянақты, еңбек мәдениеті жоғары маман ретінде танылды. Оның әр жұмыс күні – тәртіптің, жауапкершіліктің және адамдарға деген ілтипаттың үлгісі.
Жұмыстан тыс уақытта Любовь Александровна - сүйікті жар, екі қыздың мейірімді анасы. Жанұясы - оның сенімді тірегі мен шабыт көзі.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы!