
Соңғы деректерге сәйкес, eGov Mobile қосымшасы жетекші цифрлық платформаларда пайдаланушылар арасында ең танымал үш тегін қосымшаның қатарына кірді:
- Play Market-тегі тегін қосымшалар арасында 3-орын,
- App Store-дағы тегін қосымшалар арасында 3-орын,
- App Store-дағы «Өнімділік» санатында 2-орын.
Қосымша 2019 жылғы қазанда Play Market пен App Store-да жарияланды. 2020 жылғы 25 қазаннан бастап Huawei App Gallery-де де қолжетімді.
eGov Mobile қосымшасының белсенді пайдаланушыларының саны жалпы 11 миллионнан асты, ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында – 1,1 миллион болды.
Бұл деректер қосымшаның мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алу үшін белсенді қолданылып жатқанын көрсетеді. Қосымша пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, дамуын жалғастырып келеді.