Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы

2025 жылдың 21 мамыры мен 3 маусымы аралығында 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлеміндегі мемлекеттік грантқа 1-ші лекке өтініштер қабылдау басталады.

Гранттар skills.enbek.kz платформасында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен халықтың әлеуметтік осал санаттарының үміткерлеріне конкурстық негізде келесі нысаналы топтың азаматтарына беріледі.
- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
- көп балалы отбасы, жәрдемақы алушылар;
- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
- еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасының бір мүшесі;
-  қоныс аударушылар, қандастар.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

тінім беру үшін қажет:
Business.enbek.kz порталында тіркелу;
- грант алу шарттарына сәи‌кестігіне тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- өтініш нысанын толтырып, бизнес жоспармен бірге ЭЦҚ кілтімен қол қою арқылы жолдау.

Егер сізде интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаса, сіз қалалар/аудандардағы мансап орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету орындарында өтініш бере аласыз.
Өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш берушілер business.enbek.kz порталындағы Жеке кабинетіне бизнес жобаларын қорғау бойынша комиссияның күні, уақыты және орны туралы хабарлама алады.

Сұрақтар мен гранттарды алу шарттары бойынша тұрғылықты мекен жайы бойынша Мансап орталықтарына жүгіну қажет.