МСҚБ мамандарының тексеру жүргізу үшін шығуы қалай жүзеге асырылады

МСҚБ мамандарының тексеру жүргізу үшін шығуы қалай жүзеге асырылады
Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының мамандары тексеру нысанына міндетті түрде бару арқылы тексеру жүргізеді.
 
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексерудің негіздері мыналар болуы мүмкін:
•жеке және заңды тұлғалардың өтініштері,
•мемлекеттік органдардың өтініштері,
•прокурордың талабы.
 
Тексеруді тағайындау туралы акт міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарда тіркелуі тиіс.
 
Егер сіз мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы өтініш беруді жоспарласаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша фото және видео материалдар түрінде нақты дәлелдер мен негіздемелерді ұсынуыңыз қажет.