Қазақстан Республикасындағы құрылыс қызметі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңнамада құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру тәртібі айқындалған, атап айтқанда:
Жер учаскесіне тиісті құқықтың болуы.
Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу;
Эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу;
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы хабардар ету, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру;
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тиісті лицензиясы бар мердігер ұйым жүзеге асыруға тиіс;
Объект авторлық және техникалық қадағалаулармен сүйемелденуі тиіс;
Салынған объектіні қабылдауды және пайдалануға беруді барлық құрылыс субъектілері жүзеге асырады;
Заңсыз құрылыс жағдайлары анықталған жағдайда Басқарма құқық бұзушының санатына байланысты 400 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл санкцияларын қолданады.
Жекелеген жағдайларда бұзушылыққа байланысты заңсыз салынған немесе салынып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу шарасы қолданылады.