«ІІ санатты құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия»

«ІІ санатты құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия»

Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес II санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алу үшін:

1) Штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкердің болуы.

2) Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен кемінде бір жыл мерзімге әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен, сондай-ақ меншік немесе жалға алу құқығындағы жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы.

3) Меншiк немесе жалға алу құқығында жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, машиналар мен тетiктердiң ең аз жиынтығын қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы.

4) Лицензиаттың жұмыс тәжiрибесi кемiнде бес жыл, бұл ретте жұмыс тәжiрибесi шетелдiк тұлғалар үшiн құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға арналған лицензияны немесе өзге де соған тең рұқсат беру құжатын алған күннен бастап есептеледi, не III санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде 5 жыл жұмыс тәжiрибесi, бұл ретте лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжiрибесi жойылады.

5) Бас мердігер ретінде екінші техникалық жағынан күрделі емес немесе үшінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде бес іске асырылған құрылыс объектісінің болуы, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелері) не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстарды іске асырған бірінші немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелері) ұсыну).

 

Өтініш беруші лицензия алу үшін тіркелген жері бойынша және заңды тұлғаның атынан 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуі қажет. Өтініш электрондық түрде E-license сайты арқылы (құрылыс бөлімінде) беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні