Техникалық қадағалаудың міндеттері

Техникалық қадағалаудың міндеттері

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның 34-1-бабына сәйкес:

  1. Техникалық қадағалау техникалық күрделі емес объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды орындайтын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.

Сонымен қатар, техникалық қадағалау:

1) салынып жатқан объектіге еркін қол жеткізу;

2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;

3) мердігерден бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептерді мүлтіксіз сақтауды талап етуге;

4) мердігердің құрылыс барысында оларға жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге міндетті.

Сондай-ақ, техникалық қадағалау:

1) мердігердің өндірістің технологиялық процесін және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын айқындайтын талаптарды сақтауын қадағалауды қамтамасыз етуге;

4) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді

5) жасырын жұмыстарды куәландыру актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

6) ай сайынғы негізде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына объекті құрылысының жай-күйі мен барысы туралы есеп беруге;

7) мердігер нұсқауды белгіленген мерзімде орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл туралы тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесін хабардар етуге;

  1. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын адам өз міндеттерін орындамағаны не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.