Мердігер: тапсырыс берушімен немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғамен жасалатын мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс саласындағы мердігерлік жұмыстарды орындайтын тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға
Мердігер (бас мердігер):
1) тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыруға;
2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа) жүзеге асыруға;
3) атқарушылық техникалық құжаттаманың тиісінше және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге;
4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен кемшіліктерді) уақтылы жоюға;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сұрау салуы бойынша орындалатын (орындалған) құрылыс-монтаж жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;
6) техникалық қадағалау қызметін бақылау жөніндегі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге кіруін қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардың нұсқауларын орындауға;
8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына кедергілер мен араласуға жол бермеуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.