
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығымен бекітілген лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес, III санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алу үшін келесі шарттар орындалуы қажет:
1) штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы;
2) меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) кемінде бір жыл мерзімге жалға алу (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркей отырып) құқығындағы мыналармен:
- лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы.
Сонымен қатар, лицензиялық алым ретінде 10 АЕК төлеу қажет.
Өтініш “e-License” сайты арқылы беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.