«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сарапшыларды аттестаттау қағидалары»

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сарапшыларды аттестаттау қағидалары»

Аттестаттау сарапшылардың кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.

Аттестаттау сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің мынадай түрлерін:

      1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын;

      2) техникалық қадағалауды;

      3) авторлық қадағалауды;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың сеніміділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
      1) қала құрылысы;
      2) жобалау алдындағы құжаттама;
      3) сәулет;
      4) конструкциялық бөлігі;
      5) инженерлік желілер және жүйелер (инженерлік желілер және жүйелердің түрлері бойынша);
      6) технологиялық бөлігі (объектінің мақсатына байланысты);
      7) жобаның арнайы бөлігі.

Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
      1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
      2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;
      3) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - технологиялық жабдықтар бөлігінде;
      4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
      5) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - инженерлік желілер бөлігінде;
      6) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - технологиялық жабдықтар бөлігінде.

  1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшылар мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
    1) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - сәулет бөлігінде;
    2) жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде;
          3) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - сәулет бөлігінде;
          4) жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде.
  2. Техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыру бойынша сарапшылар мынадай жауапкершілік деңгейлеріне бөлінеді:
    жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша - қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі барлық деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асырады;
    жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша - қолда бар аттестат шеңберінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілерде, осы тармақта көрсетілген қызметтерді жүзеге асырады.

Аттестаттауға:
      1) қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін - қала құрылысы, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерін әзірлеу жөнінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      2) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      3) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
      4) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде бес жылдан кем емес тәжірибесі бар адамдар;
      5) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      6) инженерлік желілер бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      7) технологиялық жабдықтар бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша техникалық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және құрылыс-монтаж өндірісінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      8) сәулет бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      9) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі бірінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және сарапшы ретінде үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      10) сәулет бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде кемінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      11) тіреу және қоршау конструкциялары бөлігінде жауапкершілігі екінші және үшінші деңгейдегі объектілер бойынша авторлық қадағалаудың сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және жобалау қызметінде бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар;
      12) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру сарапшысы ретінде аттестаттау үшін - құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімі және есеп пен конструкциялау мамандығы бойынша жобалау қызметінің үш жылдан кем емес немесе осы бағытта бес жылдан кем емес сарапшы жұмыс тәжірибесі бар адамдар.