Нысандарды қабылдау және пайдалануға беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар ҚР "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 73-бабында көрсетілген

Нысандарды қабылдау және пайдалануға беру тәртібіне қойылатын жалпы талаптар ҚР "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 73-бабында көрсетілген
    1. Салынған нысандарды қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және осы Заңмен реттеледі.
    2. Салынған нысандарды қабылдау мен пайдалануға беруді тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді.

    Бұл ретте салынған нысанның толық дайындығы құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес айқындалады. Осы Заңның 74-бабында көзделген жекелеген жағдайларда салынған нысанды пайдалануға қабылдауды меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) жүргізеді.

    1. Құрылыста аяқталмаған нысандарды қабылдау және пайдалануға беру кезінде құрылысқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылады.
    2. Салынған нысанды пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісі бекітілуге тиіс. Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Нысанды пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оны бекіту күні және нысанды пайдалануға беру күні болып есептеледі.
    3. Салынған нысанды пайдалануға қабылдау актісіне тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар сәйкестік туралы декларация және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылар негізінде қол қояды. Нысанды бұзушылықтармен және құрылыс кемшіліктерімен пайдалануға қабылдаған жағдайда нысанды пайдалануға қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылады.
    4. Нысанды пайдалануға, қабылдауға қатысушылардың міндеттері:

     1) құрылысы аяқталған нысанның дайындалуын белгілеу және құжаттамалық растау;

     2) Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары мен монтаждалған технологиялық, инженерлік немесе өзге де жабдықтардың белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау;

    3) жұмыстарды орындаушының бекітілген жобаның нормативтік талаптарын сақтау бойынша іс-қимылдарын белгілеу;

    4) нысанның қолданысқа енгізілетін қуатының (сыйымдылығының, өткізу қабілеттілігінің) жобада бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін белгілеу;

     5) сәулет-құрылыс, инженерлік және технологиялық шешімдердің, сондай-ақ тұтастай нысанның прогрессивтілігін бағалау;

     6) монтаждалған технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерді бақылау сынамасын және сынауды жүргізу;

    7) нысан пайдалануға жарамсыз болған жағдайда тапсырыс берушіге тиісті дәлелді қорытындыны ұсыну.

    6-1. Нысанды пайдалануға қабылдау актісіне қол қою нысанды түпкілікті тексергеннен және осы тарауда белгіленген талаптарды сақтағаннан кейін жүзеге асырылады.

    1. Нысанды пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісінсіз салынған нысанды пайдалануға жол берілмейді. Іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік (өндірістік) нысандарды пайдалануға жол беріледі. Іске қосу-баптау жұмыстары кезінде шығарылатын стандарттау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнім объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін өткізіледі.
    2. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, нысанды пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін, негізі болып табылады.

    Толығырақ ақпарат алу үшін ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 27, 2 қабат, тел. 87232401127 мекенжайы бойынша "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-не хабарласа аласыз.