
Белгіленген бұзушылықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан ауытқуларға байланысты сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 20-тарауына сәйкес құрылыс субъектісіне қатысты шаралар қабылдайды.
Іс жүзінде субъектілер объектінің құрылысын (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) жүзеге асырғаны үшін тиісті жобалау құжаттамасынсыз (ҚР ӘҚБтК 316-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар етпейді (ҚР ӘҚБтК 463 -бабы).
ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы- "техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз не белгіленген тәртіппен сараптамадан өтпеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу)" 1-бөлігі", субъектінің санатына қарай 120 АЕК-тен 580 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл көздейді. Алайда, осы бапты қайта бұзған кезде (яғни. 2-бөлім) жыл ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата отырып, 160 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.
Ағымдағы 2023 жылы осы бап бойынша 69 әкімшілік іс жүргізу қозғалды.
ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы - 1-бөлігі "кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру, сол сияқты, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, жіберу міндетті болған жағдайларда хабарламаны жібермеу" -
– Жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл салуға әкеп соғады – әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралдары тәркіленіп не онсыз бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған табысты (дивидендтерді), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркілеуге әкеп соғады.
Ағымдағы 2023 жылы осы бап бойынша 22 әкімшілік іс жүргізу қозғалды.