2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жырлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас...

2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жырлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас...

2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жырлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» (ары қарай – Тұжырымдама) бекітілді.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру мақсатында 2022 жылғы 28 ақпанда ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Бекбаева Гүлнұр Айтқұрмановна «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мамандарының қатысуымен семинар өткізді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында, Басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі лауазымды адамдардың өкілеттіктері жөнінде айтылып, бейне-роликтер көрсетілді.

Сонымен қоса, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Бекбаева Г.А. Басқарма қызметкерлеріне өз сөзінде әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша, әлі күнге дейін мемлекеттік ауруханалар, балабақшалар, жер және тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ құрылыс салаларында сыбайлас жемқорлық көріністері жиі кездесетінін, бопсалау немесе қандай да бір заңсыз төлемдерді ұсыну қажет болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алатынын жеткізді.