
Құрылысқа қатысушылардың барлығына (тапсырыс беруші, құрылыс салушы) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап рұқсат құжаттарын (адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды) алу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) адамдар жаппай жиналатын объектілер мен биіктігі 28 метрден асатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Сәйкестік туралы қорытынды) пайдалануға қабылдау сатысында ТЖМ-нің аумақтық органдары арқылы беру жөніндегі жаңа функцияны іске асыру шеңберінде осы қорытындыны беру тәртібі мен оның нысанын айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірледі.
Қазіргі уақытта аталған нормативтік құқықтық актілер мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісіліп, қабылдану сатысында.
Жаңа функцияны іске асыру мемлекеттік қызмет түрінде электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсетуге арналған аталған ақпараттық жүйенің техникалық дайындығы 2026 жылғы 1 ақпанда күтілуде.