Әкімшілік іс жүргізуді қозғау

Әкімшілік іс жүргізуді қозғау

«ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ өз қызметін «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы № ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырады, сондай-ақ сәулет- құрылыс бақылауы мен қадағалауы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.                      Аталған заң талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, кінәлі тұлғаларға қатысты басқарма тиісті нұсқама бере отырып, әкімшілік ic қағаздарын жүргізеді.
Бұзушылықтар келесі қамтуы мүмкін:                                                                              - Рұқсат беру құжаттарынсыз (бастапқы деректерсіз, жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптаманың оң қорытындысынсыз, авторлық және техникалық қадағалау сарапшыларының құрылысты сүйемелдеуінсіз, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы МСҚБ органдарын хабардар етпей және т. б.) құрылыс салу;                                                - Бекітілген жобадан ауытқу (жобалау- сметалық құжаттаманы және сараптаманың оң қорытындысын түзетпей);                                                                  - Қауіпсіздік және сапа нормаларын бұзу (объектінің қоршауы мен паспортының болмауы, сертификатталмаған құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдану);
Өз бетінше құрылыс (жер учаскесіне/үй жайға тиісті құқықтың болмауы;             - Объектіні пайдалануға қабылдаудың тиісті актісінсіз заңсыз салынған объектіні пайдалану).                                                                                                  Әкімшілік іс жүргізу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-тарауына сәйкес жеке, заңды, лауазымды адамдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қозғалады.                  Айыппұл мөлшері тартылатын адамның санатына және жасалған құқық бұзушылықтың қайталануына байланысты 10 АЕК-тен 1400 АЕК-ке дейін құрайды.