Бүгінгі таңда «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және мұрағаттар басқармасы» ММ бірлесіп, құрылыс саласындағы жұмыс үдерістерін цифрландыру бағытында екі цифрлық жобаны әзірлеу жұмыстарын жүргізуде:
1-ші жоба – Пайдаланылмай отырған жылжымайтын құрылыс нысандары бойынша деректерді кешенді түрде жинақтау және олардың мәртебесін бақылау жүйесін құру, сондай-ақ шешім қабылдау мерзімдері жөніндегі ақпаратты біріктіру.
2-ші жоба – Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан құрылыс нысандарын есепке алу және мониторинг жүргізу жүйесін енгізу.