Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Медетханович Айкымбековтың төрағалығымен кадр қызметтері мен әдеп жөніндегі уәкілдері үшін оқыту семинарын өткізілді.
Семинарда «Мемлекеттік қызметшілермен іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ діни нанымдарын таңуға, қарамағындағыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері», «Мемлекеттік қызметте кемсітушілік пен қызметтік теңдікті бұзудың алдын алу мәселелері» және «Ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға, сол сияқты телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге арналмаған орындарда қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзуға жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу» мәселелері талқыланды.