Шығыс Қазақстан облысындағы жаңартылған энергия көздерін дамуы туралы

Шығыс Қазақстан облысындағы жаңартылған энергия көздерін дамуы туралы

2019 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері объектілерімен өндірілетін электр энергиясының үлесі жылына 9 641,37 млн.кВт/сағатты құрады.

2019 жылдың тамызында Жарма ауданында белгіленген қуаты 30 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы белгіленген қуаты 24,9 МВт және орташа жылдық өнімі 79,8 млн. кВт*сағ, Алтай ауданындағы Тұрғысын ГЭС-1 пайдалануға беру жоспарлануда.

2018 жылғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Аягөз ауданы Ақтоғай кентінде қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысына 1 жер учаскесі анықталды. Жобаның бастамашысы "ВЭС 100 МВт «Абай 1» ЖШС болып табылады. Жел электр станциясы 300 млн. кВт*сағ дейін электр энергиясын өндіретін болады. Қазіргі уақытта желдің жылдамдығын анықтау үшін анемометрикалық мұнара орнатылған. Әкімшілік ғимарат пен кірме жолдардың құрылысы басталды. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланып отыр.

2019 жылғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Шығыс қазақстан облысы Жарма ауданында жалпы қуаты 29,7 МВт болатын 6 жоба анықталды. Бүгінгі таңда жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес жел электр станциясы объектілерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру мерзімі шарт жасалған сәттен бастап 36 айды құрайды. Алайда, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2002 жылғы 17 сәуірдегі №13 хаттамалық шешіміне сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін беру мерзімі бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылды.