Сумен жабдықтау және су бұру нысандарының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру барысы туралы

Сумен жабдықтау және су бұру нысандарының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру барысы туралы

2020 жылғы 17 маусымда онлайн форматта Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысы өтті.

Отырыста ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Д.Б. Батырбаевтың «Сумен жабдықтау және су бұру нысандарының құрылысы бойынша жобаларды іске асыру барысы туралы» мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру құрылысы мен қайта құру бойынша 130 жобаны іске асыруға кірісті. Жұмыс өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде. 2020 жылдың соңына дейін 92 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, бұл қосымша 21 мың адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Д. К. Ахметов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және қалалар мен аудандар әкімдіктеріне құрылыс объектілеріндегі жұмыс пен әзірленетін жобалау-сметалық құжаттамалар сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.