Ауылдық округтерге БМС орнату

Ауылдық округтерге БМС орнату

Ағымдағы жылы саны 200 адамнан кем 50 ауылдық елді мекенде блоктық-модульдік станцияларды (бұдан әрі – БМС) орнатуға облыстық бюджеттен 525 млн.теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Семей қаласының қала маңы аймағында (1 БМС), Алтай (4 БМС), Жарма (3 БМС), Зайсан (4 БМС), Көкпекті (6 БМС), Күршім (6 БМС), Тарбағатай (4 БМС), Ұлан (1 БМС), Үржар (5 БМС) және Шемонаиха (1 БМС) аудандарында 35 БМС орнату жұмыстары басталды.