Жылыту маусымына дайындық бойынша штабтың көшпелі отырысы өтті  

Жылыту маусымына дайындық бойынша  штабтың көшпелі отырысы өтті   

2022 жылдың 23 маусымында Риддер қаласында облыс әкімі орынбасары Н.Жұмәдәловтың төрағалығымен, басқарма басшысы А.Ақышовтың, Риддер қаласы басшылығының, «Риддер ЖЭО» АҚ және Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК, коммуналдық қызметтер мен қаланың мемлекеттік ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен жылу беру маусымына дайындық бойынша штаб отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Риддер қаласы әкімінің орынбасары, «Риддер ЖЭО» АҚ бас инженері және Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» ШЖҚ КМК директорының баяндамалары тыңдалды.

Алдағы жылу беру маусымына сапалы дайындық шараларын күшейту, барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақтылы аяқтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік саланың барлық нысандарының дайындығын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.