Көкпекті ауданындағы сумен жабдықтау жобалары қаралды

Көкпекті ауданындағы сумен жабдықтау жобалары қаралды

Энергетика және ТҮКШ басқармасының жұмыс тобы сумен жабдықтау жобалары бойынша құрылыс барысын бақылау мақсатында Көкпекті ауданына барды.

Көкпекті ауданында жалпы құны 9012,5 млн.теңге болатын сумен жабдықтау құрылысы бойынша 11 жоба іске асырылуда, оған ағымдағы жылы – 3753,9 млн. теңге бөлінді.

Барлық нысандар қосымша техникамен және жұмыс күшімен жабдықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы 1 маусымға бөлінген қаражатты игеру 100% - ды құрайды.

Жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес, 11 жобаның 10 – ы ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда, 1-2022 жылға ауыспалы.

Жобаларды аяқтау жоспарлануда: 2-тамызда (Көкпекті ауылының желілері мен құрылыстары); 1-қыркүйекте (Үлкенбөкен ауылы); 1 – қазанда (Көкжайық ауылы); 6-қарашада (Преображенка, Үлгілімалшы ауылы, Құлынжон ауылы, Аққала ауылы, Миролюбовка ауылы және Мариногорка ауылы).