Басқарма басшысы ауыз сумен қамту бойынша баяндама жасады

Басқарма басшысы ауыз сумен қамту бойынша баяндама жасады

2021 жылғы 26 мамырда онлайн форматта Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің отырысы өтті.

Отырыста ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А. Т. Ақышовтың «2020-2024 жылдарға арналған сумен қамтамасыз ету және су бұру жөніндегі жобаларды іске асыру барысы туралы» мәселесі бойынша баяндамасы тыңдалды.

Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру құрылысы мен қайта құру бойынша 112 жобаны іске асыруға кірісті. Жұмыс өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде. 2021 жылдың соңына дейін 98 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, бұл қосымша 49,6 мың адамды таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі Д.К. Ахметов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және қалалар мен аудандар әкімдіктеріне құрылыс нысандарындағы жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді және 2021 жылы аяқтау жоспарланған сумен жабдықтау және су бұру объектілерін пайдалануға уақтылы беруді қамтамасыз етуді тапсырды.