Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жобасы бастау алды

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жобасы  бастау алды

ШҚО Өскемен және Семей қалаларына әр қалаға алты қоқыс тасығыш, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды  бөлек жинау үшін 1273 және 1582 контейнер берілді. Барлық жабдықтарды 953,5 млн. теңгеге "ӨКМ Операторы" ЖШС қаражаты есебінен сатып алынды.

Бүгін "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев Өскемен қаласында ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілетін қуаттылығы жылына 100 000 тонна ҚТҚ сұрыптауға арналған қондырғыны таныстырды. Оның құны 1 млрд.356 млн. теңгені құрайды. Дәл осындай құрал-жабдықтар Семей қаласында да орнатылады. Ғимараттар мен құрылыстар салумен, сондай-ақ сұрыптау желілері үшін коммуникациялар жүргізумен Семей және Өскемен қалаларының әкімдіктері айналысады.

Өскеменде ҚТҚ жинайтын кәсіпорындар "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС және "Тазалық" ЖШС органикалық фракцияларға арналған 1220 контейнер сатып алады және халықтан қайталама шикізатты жинау пункттерін 196,59 млн.теңге жұмсай отырып, жабдықтайды. Семей қаласында 1081 контейнер қалалық әкімдік есебінен сатып алынады, ал қайталама шикізатты жинау пункттерін орнатумен "Хазипов Р.С" ЖК айналысады.