Есептеу құралдарын орнату мәселелері талқыланды

Есептеу құралдарын орнату мәселелері талқыланды

Үйге ортақ есептеу құралдары тұтынушыларға нақты тұтынылған ресурстар үшін ғана ақы төлеуге мүмкіндік береді.  Айта кету керек, жылуды есептеу құралы тұрғындарға тұтынылатын жылу шығындарының 36% - на дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда, барлық тұрғындар  ЖЕҚ орнату идеясын қолдамайды. Бұл жағдайда не істеу керек?

2021 жылғы 12 наурызда Шығыс Қазақстан облысының энергетика және ТКШ басқармасы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Р.М. Куловтың қатысуымен өңірдің көппәтерлі тұрғын үйлерінің жылу және суды есептейтін жалпыүйлік аспаптармен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырды. Кеңеске, сондай- ақ, жылу және сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар ағымдағы проблемалық мәселелерді, оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпыүйлік жылу және су есептегіш құралдарымен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған әрі қарайғы іс-шараларды талқылады.

Р.М. Құлов қаржылық лизинг және мақсатты несиелендіру аясындағы қаржыландыру тәртібін түсіндіріп, есептеу құралдарын орнатуды қаржыландыру тетіктерін ұсынды.