Мүлік иелері бірлестігін құру туралы түсіндіру іс-шарасы өтті

Мүлік иелері бірлестігін құру туралы түсіндіру іс-шарасы өтті

Қазақстандықтар жаңа заң бойынша ПИК-тің орнына үйді басқарудың жаңа нысанын – мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігі формасын таңдауы тиіс. Жаңа талаптарға байланысты халықта ғана емес, жергілікті атқарушы билік өкілдерінде де көптеген сұрақтар туындап отыр. МИБ-ке көшу бойынша мәселелерді түсіндіру үшін ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдерімен онлайн режимде кездесу өткізді.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серіков Нұрбек Нұржанұлы және   Өңірлік даму және әдістеме департаментінің басшысы Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшудің негізгі кезеңдері туралы презентация ұсынды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бірқатар сұрақтар жауапсыз қалды. Оларға ТКШ ҚазОрталығының өкілдері жақын арада жазбаша түрде жауап беруге уәде берді.