Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, қоқыс шығару бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қызметкерлерін қолдауға және ынталандыруға бағытталған «Шығыс жұмыскер» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасы іске асырылады.
Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 26 маусым және 11 шілде аралығында қабылданады.
Бағдарлама шарттары және өтінім беру бойынша консультацияны ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан (Өскемен қ., К. Либкнехт көшесі, 19, 2 қабат) және «Отбасы Банк» АҚ филиалдарынан алуға болады.
Басқарманың жауапты маманы: Бауржанова Гульназ Бауржанқызы, тел.: 8-(7232) 701-235, 8(705)281-19-00.
Сіздерді «Шығыс жұмыскер» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасына қатысуға шақырамыз.