KIOSH 2025

KIOSH 2025

2025 жылғы 28-30 мамыр аралығында EXPO Халықаралық көрме орталығында 13-ші Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі – KIOSH 2025 конференция мен көрмеcі өтеді. Бұл маңызды салалық шара еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және шешімдер іздеу үшін саланың жетекші мамандарын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, бизнес және халықаралық ұйымдарды тағы да бір алаңға жинайды.  

2025 экспозициясы

Көрме бөлігі түрлі тақырыптық бөлімдерді қамтып, Қазақстан, Германия, АҚШ, Ресей және Қытайдан 30-дан астам компаниялардың қатысуымен ұсынылады. Бөлімдер арасында еңбек қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы инновациялық шешімдер, тоқыма өнеркәсібі мен арнайы аяқ киім өндірісіндегі озық технологиялар, заманауи жеке қорғау құралдары, еңбек гигиенасы мен денсаулық сақтау, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайларға әрекет ету жүйелері болады. Ерекше назар оқу мен ғылымға, экологиялық қауіпсіздікке, медициналық тексерулер жүйесіне, автопаркті басқаруға, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету мен IT қауіпсіздігіне бөлінеді.

KIOSH 2025 конференциясы

Үш күн бойы KIOSH конференциясы сарапшылар арасында тәжірибе мен білім алмасу платформасы болады. KIOSH 2025 аясында еңбек қорғау саласында жаңа стандарттар мен озық практикаларды енгізуге, мамандардың біліктілігін арттыруға, өндірістік процестерді цифрландыруға, өнеркәсіп медицинасына және қауіпсіздікті автоматтандыруға арналған бірқатар стратегиялық және панельдік сессиялар өтеді.

Барлық қосымша ақпаратты (билетті, семинар бағдарламасын, қатысушылар тізімін алу) www.kiosh.kz сайтынан біле аласыз.