Еңбек заңнамаларын түсіндіру жұмыстары

Еңбек заңнамаларын түсіндіру жұмыстары

 

2025 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік еңбек инспекторы Д.Б. Абдильдинов ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК -ның қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Кездесу барысында еңбек заңнамасының негізгі ережелері, оның ішінде қызметкерлерге арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарын беру талаптары, сондай-ақ жұмыс берушінің жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді. Сондай-ақ, жасанды интеллект, еңбек жағдайларын жақсартуда үлкен рөл атқаратын процестерді цифрландыру сияқты заманауи технологиялар туралы түсіндірілді.