2025 жылы 23 сәуірде ШҚО әкімдігінде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен "Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің қатысуымен әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында "Еңбек тәуекелдері картасы"шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарында жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер қаралды.