Жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартының мерзімін ұзартпауға құқылы ма?

Жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартының мерзімін ұзартпауға құқылы ма?

      ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 30-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, еңбек шарты бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.

      Кодекстің 49-бабының 2-тармақшасына сәйкес, еңбек шартын бұзудың негіздерінің бірі еңбек шартының мерзімінің аяқталуы болып табылады.

      Кодекстің 51-бабының 1-тармағының негізінде белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты оның мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылады.

      Еңбек шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда, егер тараптардың ешқайсысы соңғы жұмыс күні (ауысым) ішінде еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы хабарламаса, осы Кодекстің 51-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол бұрын жасалған мерзімге ұзартылды деп есептеледі.

       Жоғарыда айтылғандарға байланысты жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын ұзартпауға құқылы.