
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңымен (бұдан әрі – Заң) вахталық жұмыс әдісі бойынша ҚР Еңбек кодексіне келесі өзгертулер енгізілді:
Вахталық жұмыс әдістің шарттарын өзгерту үшін Еңбек кодексіне жаңа ұғым енгізілді
Бұрын жұмыс беруші тек қана медициналық қорытынды негізінде жүкті әйелді орындайтын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысынан төмен емес ақы төлей отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті болған.
Жұмыс беруші еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін вахталық жұмыс әдісі туралы ережеге сәйкес вахталық жұмыс әдісін қолдану тәртібін айқындайды, сондай-ақ жұмыскердің жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) болуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Жұмыскер вахтада болған кезінде жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) жұмыс беруші белгілеген тәртіптемені сақтауға міндетті.
Бұрын жұмыс беруші жұмыс орнына дейін және одан кері жеткізіп салуды еңбек, ұжымдық шарттарға және (немесе) жұмыс беруші бекітетін Вахталық жұмыс әдісі туралы ережемен ұйымдастырыған. Енді жұмыс беруші жиналу пунктінен жұмыс орнына дейін және одан кері жеткізіп салуды ұйымдастырады.
Бұрын Кодексте шалғайдағы өндіріс объектілерінде және вахталық кенттерде ауысымаралық тынығу ерекшеліктері көзделмеген,
Жекелеген жұмыскерлер жеке транспорттарын пайдаланып, жұмыс ауысымы аяқталған соң вахталық кент аумағынан, оның ішінде демалыс күндері, мереке және отбасылық мереке күндері кетіп қалатын.
Енді жұмыскер вахтада болған кезінде жұмыс жүргізілетін объектіде және тұру үшін арнайы жабдықталған орындарда (вахталық кенттерде) жұмыс беруші белгілеген тәртіптемені сақтауға міндетті.
Бұрын Еңбек кодексі жүкті әйелдерге жүктілігі туралы анықтама бергенге талаптар ұсынбаған
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына кейіннен жұмыскерге жұмыс істеген сағаттары үшін демалыс күндері (сағаттары) беріле отырып, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыс уақыты режимін (бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасынан) вахталық жұмыс әдісіне өзгертуге жол беріледі.
Кодекстің 75-бабына сәйкес кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе белгілі бір жұмысты орындау кезеңі жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең болуы мүмкін. «Тоқсан ішіндегі немесе өзге де неғұрлым ұзақ» деген сөздерді алып тастамай, толықтыру ұсынылады, өйткені бұл вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлер арасында наразылық тудыруы мүмкін. Жұмыс уақытының жиынтық есебіне енгізген кезде жұмыс уақытының балансын сақтау қажет, вахта жалғастырылған кезде (10-ға 10, 21-ге 21 немесе 28-ге 28) жұмыс уақытының айлық режимін сақтау мүмкін емес.
Негізгі жұмыскер уақытша жұмыста болмаған кезде бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қызметкерлерді вахталық әдіспен істейтін жұмысқа тарту қажеттілігі практикада жиі кездесіп тұрады, бұл жұмыс уақытын ресімдей бойынша қиыншылықтар туғызады, себебі бұл санатқа жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану қажет. Жұмыскерлерді вахталық әдіспен істейтін жұмысқа ауыстырған кезде олардың ақы төлеу және демалыс уақыты бөлігіндегі құқықтары шектеледі. Айталық, вахтада жұмыс істеп болған соң (15, 21 немесе 28 күнтізбелік күн) жұмыскер бұйрық бойынша бес күндік жұмыс режиміне жұмыс істелген сағаттары үшін ақы төлемей қайтарылады. Бұдан басқа, іс жүзінде Сонымен қатар, іс жүзінде жұмыскерлердің осы санатына ақы төлеу бойынша еңбек даулары туындайды, олар еңбек шартының талаптарына сілтеме жасай отырып (8 сағат), вахталық әдіспен істелген әрбір күн үшін (3 сағат) үстеме жұмыс сағаттарына сияқты ақы төлеуді талап етеді.
78-бапқа сәйкес үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға және үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс, ал мұны кәсіподақтар жұмыскерлердің демалыс уақытын бұзу деп қарап, жұмыс уақытының жиынтық есебі ерекшелігін ескермейді. Осы жағдайды реттеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және ақы төлеу бойынша жиі болатын еңбек дауларын болғызбау мақсатында осы мәселені еңбекті қорғау қағидатын негізге ала отырып, кейіннен демалыс сағаттарын бере отырып, жұмыс режимі уақытша өзгеретін жұмыскерлерге қатысты реттеу ұсынылады.
ҚР Заңымен вахталық қашықтық жұмыс істеу бойынша ҚР Еңбек кодексіне келесі өзгеріс енгізілді:
Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады (жаңа 138-б 4т.).
Дистанциялық жұмысты қолдану кезінде еңбекті қорғау мәселелерін заңға тәуелді актілер деңгейінде реттеу орынды. Кодексте жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және олардың білімін тексеруді ұйымдастыру бойынша жұмыс берушінің міндеті көзделгеніне қарамастан, қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскердің міндетіне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтауды кіргізу ұсынылып отыр, бұл жерде еңбекті қорғау жөніндегі маманның жұмысты жүргізу қауіпсіздігін жұмыскердің сақтауын нақты тексеру мүмкіндігі жоқ екені ескеріледі. Қашықтан жұмыс істеу кезінде жазатайым оқиға туындаған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға еңбек шарты тараптарының кінәсін ажырату қиынға түседі, сондықтан жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі мәселелерін жұмыс беруші актісінде келісіп алу мүмкіндігін беру ұсынылады, ол қашықтықтан жұмыс істеу режимі ескеріле отырып әзірленеді және сот талқылауы болған жағдайда жұмыс берушіні қорғауға көмектесетін болады.