Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы шеңберінде
Әлеуметтік әріптестік: іс-әрекеттегі облыстық келісім («Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы»)
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық Келісім Тараптары еңбек жағдайларын, гигиенасын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарайды.
Осы мақсатта Тараптар:
- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамыту (Тараптар);
- Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру мәселелері қаралсын. Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстарды қарау және іс жүзінде орындау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуге (Тараптар).
- еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы мәселелерінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы мақсатта жыл сайын 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық байқау – конкурс өткізіліп, қорытындысын шығаруға (Тараптар).
- еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Өндірістік кеңесті құруға міндетті (жұмыс берушілер).
Сонымен қатар кәсіподақтардың бастамасы бойынша еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру және ынталандыру үшін 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімде қоғамдық инспекторларға өнеркәсіп кәсіпорындарында ең төменгі жалақының кемінде 1 (бір) мөлшерінде ай сайынғы қосымша ақы төлеу туралы тармақ енгізілді.
Облыста еңбекті қорғау бойынша 716 өндірістік кеңес құрылды, оның 85% - ы кәсіподақтардың бастамасы бойынша. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды еңбекті қорғау жөніндегі 1477 техникалық инспектор жүзеге асырады, олар 7,0 мыңға жуық бұзушылықты анықтады және 98% - ға жуығы жойылды.