Еңбек заңнамасының мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды

Еңбек заңнамасының мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды

2022 жылғы 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «ШҚО кәсіподақ орталығы» АКБ-мен бірлесіп, заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының доценті Н.В.Гилеваның қатысуымен еңбек заңнамасының мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.

Семинарға жұмыс берушілердің, кәсіподақтардың және мемлекеттік органдардың 180-ден астам өкілі қатысты. Семинарда әлеуметтік әріптестік, өңірлік келісімнің қолданылуы, келісім комиссиясының жұмысы және т. б. сұрақтарды баяндады.