2022 жылдың 26 тамызында 12 сағат 30 минутта монтаждау жұмыстары кезінде ЖБК ауданында салынып жатқан тұрғын үйдің 9-қабатының биіктігінен люлька құлап «Карабалин» жеке кәсіпкерінің жұмыскері қаза тапты.

2022 жылдың 26 тамызында 12 сағат 30 минутта монтаждау жұмыстары кезінде ЖБК ауданында салынып жатқан тұрғын үйдің 9-қабатының биіктігінен люлька құлап «Карабалин» жеке кәсіпкерінің жұмыскері қаза тапты.

2022 жылдың 26 тамызында 12 сағат 30 минутта монтаждау жұмыстары кезінде ЖБК ауданында салынып жатқан тұрғын үйдің 9-қабатының биіктігінен люлька құлап «Карабалин» жеке кәсіпкерінің жұмыскері қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 188 - бабының 4 - тармағына сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны құру жұмыстарын жүргізілуде, оның құрамына төраға-мемлекеттік еңбек инспекторы, комиссия мүшелері-өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор, жұмыс беруші және жұмыскердің өкілі кіреді.

Жиналған құжаттар мен материалдардың негізінде комиссия еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның өндірістік қызметпен байланысын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін жою және олардың алдын алу жөніндегі шараларды айқындайды.

ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы 2 тармағы 21 тармақшасына сәйкес жұмыскер жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге міндетті.

ҚР азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

Зиян: кәмелетке толмағандарға - он сегiз жасқа толғанға дейiн, он сегiздегi және одан да ересек жастағы оқушыларға - күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа дейiн; Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдарға - өмiр бойы; мүгедектігі бар адамдарға - мүгедектiк мерзiмiне; қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін (қарындастарын) күтумен айналысатын ата-анасының біреуіне, жұбайына не отбасының басқа мүшесiне - олар он төрт жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi.

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабына сәйкес, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыға қайтыс болған асыраушысының асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығы бар.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасы мүшесі осы Заңның 13 - бабына сәйкес еңбекке жарамсыз деп есептелетін бүкіл кезеңге, ал «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен отбасы мүшелеріне - өмір бойы белгіленеді.

Басқарма бұл жағдайды ерекше бақылауға алды.