2022 жылғы 28 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев Дүниежүзілік еңбекті...

2022 жылғы 28 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев Дүниежүзілік еңбекті...

2022 жылғы 28 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Өскемен ЖЭО» ЖШС «Еңбек қауіпсіздігі және экологияның айтулы күні» салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шара екі кезеңде өтті. Іс-шараның бірінші бөлімінде қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға арналған түрлі конкурстар мен викториналар өткізілді.

Екінші бөлімде №106 өрт-авариялық құтқару бөлімінің персоналын тарта отырып, өрт-тактикалық конкурс өткізілді, оның барысында шартты өртті сөндіру және ұнтақты өрт сөндіргіштерді пайдаланудың практикалық дағдылары пысықталды.