2022 жылғы 27 сәуірде Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж.Селиханов...

2022 жылғы 27 сәуірде Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж.Селиханов...

2022 жылғы 27 сәуірде Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж.Селиханов мемлекеттік еңбек инспекторы О.Б.Айтуаровпен бірлесіп Бородулиха ауданы мекемелерінің басшыларына «28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мемлекеттік еңбек инспекторы өңірдегі өндірістік жарақаттану бойынша жағдай туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік әріптестік шеңберінде тұрақты негізде кәсіпорындармен және қызметкерлермен түсіндіру жұмысы арқылы еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін күш салу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 28 сәуірде Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Семей қаласының прокуратурасымен бірлесіп «Теплокоммунэнерго» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында ұжымды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтап, жүргізілген жұмыстың қорытындылары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.