Жұмыс берушіге

Жұмыс берушіге

2021 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 727 қаулысымен «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқылы технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы бекітілді.

 «Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» Ұлттық жобасына енгізілген көрсеткіштердің біріне 2022 жылға 85%, 2023 жылға 100% жоспар бекітілген (тіркелген еңбек шарттарының (қызметкерлердің) саны кемінде бір рет тізімделген зейнетақы жарналары негізінде есепке алынады).

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің  23 бабы 2 тармағының 27) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) порталында электрондық еңбек шарттарын енгізуге айрықша назар аудару қажет.

Барлық сұрақтар бойынша байланысу тел. 25-65-74 немесе 87773181128.