Айлық жалақының ең төменгі мөлшері

Айлық жалақының ең төменгі мөлшері

2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырды.

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылдың 02 желтоқсандағы № 77-VII Қазақстан Республикасының Заңымен  айлық жалақының ең төмен мөлшері 60 000 теңге көлемінде белгіленген.

Еңбек кодексінің 3 тармақшасы 1 тармағының 1 бабына сәйкес, айлық жалақының ең төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері Еңбек кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері.

2022 жылдың 1 қаңтарнынан бастап ең төменгі жалақы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге өсті. Яғни, ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі  41 % құрады.

Өз еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің сағаттық жалақысының ең төмен мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағаттарының санына бөлінген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Еңбек кодексінің 3 тармағының 104 бабына сәйкес, бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері немесе айлық тарифтік мөлшерлемесінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер жұмысшыларға ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде жалақы қамтамасыз етуге (белгілеуге) міндетті.