14 желтоқсаннан бастап ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында

14 желтоқсаннан бастап ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында

14 желтоқсаннан бастап ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ШҚОФ төрағасының м.а. д. а. Тілеубаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл кез келген елдің ең басты мерекесі, Тәуелсіздікке қол жеткізу-көптеген ұрпақтың арманы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл қалыптасу және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бастауы.

Д.А. Тілеубаев өз сөзінде Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы қысқаша айтып, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы М.Жақыповтың мемлекеттік еңбек инспекторы Т. О. Орынбековке Алғыс хатын табыс етті.

Басқарма басшысы Б.қ. Қизатов ұжымды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, қоғам игілігіне қосқан үлесі үшін қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті, барлығына ортақ үйде келісім мен бейбітшілік тіледі.

Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді дамыту мақсатында кәсіподақ мекеме қызметкерлерінің балалары арасында «Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды. 4 жастан 10 жасқа дейінгі балалардан түрлі-түсті суреттер ұсынылды, онда балалар өз елінің тарихын және қандай бақытты уақытта өсетінін білді. Байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.